XX ғасырдың 30-жылдарындағы қазақстандық өртсөндірушілердің суреті пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сурет Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасында пайда болды. Бұл Ақтөбе облысы мен Семей қаласының өрт сөндіру командасы.
"Ат-бөшке жүрісі - өрт орнына өртсөндірушілерді, су бөшкелерін, өрт сорғысын, жабдықтарды және басқа да керек-жарақтарды жеткізетін ат арба. Ат-бөшке жүрісінің сыйымдылығы 392 литр, жүктелген салмақ 760 келі, максималды жылдамдығы сағатына 12-15 шақырым болған. Ат бөшке жүрісі алғашқы өрт сөндіру машиналары пайда болғанға дейін өртсөндірушілерге қызмет еткен", - дейді ТЖМ өкілдері.
Өрт орнына келген кезде команда сорғыны арбадан алып тастап, "сорғыш жеңқұбырды" су көзіне немесе бөшкеге түсіріп, суды қолмен сорып алатын болған.
Сонымен қатар, арбада үнемі ұзын тұтқасы бар ыдыс болған, бұл су қоймасынан бөшкеге суды тез алуға мүмкіндік берген. Ат бөшке жүрісінің жиынтығында заманауи сиренаның өзіндік аналогы - қоңырау да болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!