World Boxing биыл өтетін Азия чемпионаттарының уақытын бекітті

World Boxing биыл өтетін Азия чемпионаттарының уақытын бекітті

World Boxing ұйымы бокстан 2025 жылы өтетін Азия чемпионаттарының кестесін жариялады. Барлық жас дәрежесі бойынша ерлер мен әйелдер бәсекесі қатар өтетін болды, - деп хабарлайды massaget.kz

15 және 17 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионаты 17 сәуір - 1 мамыр аралығында Иордания елінің астанасы Амманда өтеді. 

19 бен 22 жасқа дейін спортшылар арасындағы турнир 20 шілде мен 3 тамыз аралығында үздіктерді анықтайды. Ал ересектер арасындағы Азия чемпионаты 1-15 қазан күндері ұйымдастырылмақ. Бұл жарыстардың өтетін орны кейінірек анықталатын болады. 

Айта кетейік, қазір бокстан Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бір құрам Испанияға аттанды. Онда халықаралық турнирге қатысатын болады