Microsoft корпорациясы Windows жүйесін белсендіру қауіпсіздігін күшейту үшін Trusted Platform Module (TPM) қорғаныс чиптерін пайдалануды жоспарлап отыр. Бұл бастама алдағы уақытта Windows-тың заңсыз көшірмелерін орнатуға жол бермеуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Techspot басылымына сілтеме жасап.
Жаңа мүмкіндік TPM арқылы растау тетігін Key Management Service (KMS) кілттерді басқару қызметіне енгізуді көздейді. Бұл қызметті ұйымдар бағдарламаларды жаппай белсендіру үшін кеңінен қолданады.
Бұрын KMS жүйесінің жұмысын қолдан жасап, жалған серверлер арқылы Windows пен Office бағдарламаларын лицензиясыз белсендіруге болатын. Бұл пайдаланушыларға ресми лицензияларды сатып алмай-ақ Windows пен Office-ті белсендіруге мүмкіндік берді.
Енді Microsoft бұл жолды аппараттық тексеру арқылы жабуды көздеп отыр:
Осылайша, жалған KMS серверлері арқылы Windows пен Office-ті заңсыз белсендіру мүмкіндігі біртіндеп жойылмақ.
KMS серверлерін аппараттық деңгейде тексеру Windows Server жүйесінің келесі нұсқаларынан бастап міндетті талапқа айналады. Жаңа тәртіп 2026 жылғы тамыздан бастап кезең-кезеңімен енгізіле бастайды.
Мақалада компаниялардың жүйелік әкімшілері мен IT бөлімдері ықтимал ақауларға жол бермеу үшін өз инфрақұрылымының жаңа қауіпсіздік талаптарына сай екенін алдын ала тексеруі қажет.
Сарапшылардың пікірінше, TPM арқылы міндетті растау сыртқы серверлерге үнемі қосылып отыратын Online KMS тәсілімен Windows-ты заңсыз белсендіруге елеулі кедергі келтіреді. Дегенмен тәуелсіз әзірлеушілер жаңа алгоритмдер жасап, бұл шектеуді айналып өтудің жолдарын әлі де іздеп жатыр.
Бұған дейін Microsoft GigaWiper деп аталатын жаңа зиянды бағдарламаны анықтаған еді. Ол қолданушыларды жасырын бақылап қана қоймай, компьютердегі деректерді қайтарымсыз жоя алады. Вирустың белсенділігі алғаш рет 2025 жылғы қазанда тіркелгенімен, компания оның қалай жұмыс істейтінін енді ғана егжей-тегжейлі жариялады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!