Wildberries маркетплейсінің негізін қалаған Татьяна Бакальчук 19 қыркүйекті атыс кезінде қаза тапқандарды аза тұту күні деп жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы Тelegram арнасында жазды.
Маркетплейстің басшысы қаза тапқандардың отбасына көмек беріп, қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеп, көңіл айтты. Татьяна Бакальчук Романов қиылысында кеңсе күзеті мен бұрынғы жұбайы Владиславтың адамдары арасындағы атыс нәтижесінде екі қызметкер қаза тапқанын растады.
Бұған дейін кәсіпкер Владислав Бокальчукке маркетплейс кеңсесіндегі атысқа байланысты қылмыстық істі тергеу аясында айып тағылғаны белгілі болды.
Еске салайық, бұған дейін қақтығыстың әсерінен Татьяна Бакальчуктың байлығы шамамен екі есеге азайғаны туралы жазған болатынбыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!