- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- WhatsApp-та топтар құрған:...
WhatsApp-та топтар құрған: Қарағандыда тағы бір қаржы пирамидасының жолы кесілді
Қарағандыда тағы бір қаржы пирамидасының жолы кесілді. Ұйымдастырушы азаматтардан инвестиция тарту үшін WhatsApp-та топтар құрған", - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі Қаржы мониторингі мәліметіне сілтеме жасап.
ҚМА мәліметінше, қаржы пирамидасын ұйымдастырушы азаматтардан инвестиция тарту үшін WhatsApp-та топтар құрған. Ол екі бағыт бойынша жұмыс жасаған.
"Біріншісі - жаңа қатысушыларды тарту арқылы салым сомасының 70 пайызы көлемінде сыйақы төлеуге уәде беріп, 4 күннен 5 күнге дейінгі мерзімге азаматтардан инвестиция жинақтау. Екіншісі - Standard, Vip және Premium деген үш позицияға азаматтардан инвестиция тарту, 150 000 теңгеден 10 000 000 теңгеге дейінгі салымдар сомасында қаражат жинақтау", - делінген хабарламада.
ҚМА мәліметі бойынша, ұйымдастырушы іс жүзінде кәсіпкерлік қызметпен айналыспаған. Салымдарды мобильді банкинг арқылы қабылдаған.
"Дерек бойынша соталды тергеу басталды. Заң бұзған әйел қаржы пирамидасын құруға қатысты кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жария етуге жатпайды.
Д. Шәріпхан