WhatsApp-та топтар ашып, қаржы пирамидасын құрған: Еnvida ai-ға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті ENVIDA AI қаржы пирамидасын құру және оған жетекшілік ету дерегі бойынша тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тергеу амалдарына сай жоба ұйымдастырушылары WhatsApp мессенджерінде "Еnvida ai ежедневный пассивный доход" және "Еnvida ai супер новый проект ежедневный пассивный доход" деген топтар құрып, азаматтарға тұрақты әрі жоғары табыс уәде еткен.

"Жобаның маркетинг моделі көпдеңгейлі жүйеге құрылған. Негізгі табыс жаңа салымшыларды тарту есебінен қалыптасып отырған. Жоба өзін нақты активтерге инвестиция салатын халықаралық экожүйе ретінде таныстырған", - деп жазылған хабарламада.

Қаржы пирамидасына 370-тен аса салымшы тартылған. Қатысушылар географиясы еліміздің алты өңірін қамтиды: Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстары және Алматы қаласы.

Қазір тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!