WhatsApp-та көптен күткен функция пайда болды
Фото:
pixabay.com
WhatsApp мессенджерінде көптен күткен функция пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Енді хатты жібергеннен кейін оны 15 минуттың ішінде өңдеу мүмкіндігі пайда болады. Бұл туралы сервистің ресми блогында айтылған.
Хатты өңдеу үшін мессенджер қолданушысы хатты басып, "Өзгерту" функциясын таңдауы керек.
Хатты алған адам хабарлама өзгергенін көре алады. Бірақ оған дейін не жазылғанын көре алмайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина