- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- WhatsApp-та қандай хабарламаларды...
WhatsApp-та қандай хабарламаларды ашуға болмайды?
Киберқауіпсіздік институтының сарапшысы Шамиль Магомедов мессенджерлерде, соның ішінде WhatsApp-та қандай хабарламаларды ашуға болмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle 1prime сайтына сілтеме жасап.
Ең үлкен қауіп - бейтаныс нөмірлерден келген GIF анимациялары, сілтемелері және мәтін түріндегі файлдары бар хабарламалар.
"Осындай әлеуметтік инженерия әдістерінің көмегімен хакерлер смартфонға зиян бағдарламаны жүктеп, құпия ақпаратқа қол жеткізе алады", - дейді маман.
Маман адамдарға хабарламаны алдын ала қарау кезінде күдікті көрінсе, оны ашпай, бірден жоюға кеңес береді.
Сондай-ақ, қандай да бір нәрсеге шақыратын немесе қызық тіркестері бар хабарламаларға сенбеу керек. Мысалы, "сайтқа өтіңіз", "жүлдені ұтып алыңыз", "қандай фотосурет тапқаныма сенбейсіз" және т.б.
"Шынынын да, акцияның жеңімпазы атансаңыз, ұйымдастырушылар сізбен басқа жолмен байланысу жолын табады", - дейді сарапшы.
Әлі күнге қылмыскерлерді жәбірленушімен байланыстырудың танымал тәсілі - SMS хабарламалар. Көбінесе егде жастағы адамдар мұндай қулықтарда жәбірленуші болып жатады.
"SMS Info, Information, Site және т.б. атаулардан келсе, бұл - ескерту белгісі. Мұндай хабарламаларды ашпай, тіпті ішіндегі сілтемелерге өтпей-ақ өшірген дұрыс", - деді маман.
Хакерлердің шабуылын болдырмау үшін смартфонды антивирус қосымшасының көмегімен үнемі сканерлеуді ұмытпау қажет, сонымен қатар, толық білмейтін қосымшаны жүктемеген дұрыс. Маман балаларға және қарттарға цифрлық сауатты түсіндіру қажет екенін, күдікті ақпарат жіберетін бейтаныс нөмірлерді бұғаттауды ұмытпау керегін ескертті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова