WhatsApp-пен хабарласқан: 2000-ға тарта адам алаяқтарға алданып қалған

WhatsApp-пен хабарласқан: 2000-ға тарта адам алаяқтарға алданып қалған
Фото: Коллаж: Midjourney, depositphotos.com

Павлодар облысында 1800-ге жуық азамат алаяқтарға сеніп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1192 алаяқтық ақпараттық технологияларды қолдана отырып жасалған.

"Алаяқтық туралы арыз полицияға күн сайын келіп түседі. Зардап шеккендер WhatsApp мессенджері арқылы белгісіз нөмірден қоңырау түскенін айтады", - дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің өкілі.

ІІМ өкілдері мұндай алаяқтық қалай жасалатынын түсіндіріп берді:

  • Телефонның ар жағында белгісіз адамдар өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырады.
  • Банктің филиалында сенімхат бойынша олардың депозитінен ақша қаражатын алуға тырысады.
  • Содан кейін жалған банк қызметкерінен қоңырау түседі, ол "сіздің қаражатыңыз қолма-қол ақшаға айналды, банкомат арқылы берілген шотқа аударылды" деп сендіреді.

Полиция департаменті бейтаныс адамдардың қоңырауларына, күдікті хабарламалар мен жарнамаларға сенбеуге, әр қоңырау мен SMS-ке мұқият болуға шақырды.

Еске салайық, бұған дейін жетісулықтар алаяқтармен сөйлесіп, 516 миллион теңгесінен қағылғаны хабарланды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова