WhatsApp мессенджерін құрастырушылар жаңа қызмет түрін сынақтан өткізуде. Қолданушы жолдаған хабарлама чатта белгілі бір уақыттан кейін өшіп кетеді. Ал ол уақыт аралығын өзің белгілей аласың.
Жазылған хабарлама өзің таңдаған уақыт ішінде көрініп тұрып, кейіннен көрінбей кетеді. Хабарлама жазылғаны туралы, оның өшірілгені туралы дерек қалмайды. Қазіргі таңда IT-мамандар бағдарламаның жаңа нұсқасында (2.19.275.) бақылаудан өткізуде екен. Нақты қашан іске қосылатыны әзірге белгісіз. Негізінен мұндай қызмет Telegram желісінде бар.
WhatsApp мессенджері 2009 жылы іске қосылды. Одан бергі аралықта сан түрлі жаңартулар мен қызметтері қосылып, әлемдегі танымал желіге айналды. 2014 жылы мессенджерді Facebook сатып алды.