Роботқа арнайы бағдарламалық қамту дайындау мен құрастыруға қажет бөлшектерін жасау уақыт пен білімді қажет етеді. Ал талапты еңбектің жемісі болған роботты қоқыс жинау мақсатында қолдану ақылға қонымсыз болар. Дегенмен шведтік авто концерн Volvo мұнымен келісе қоймас.
Автомобиль өндірісінің алпауыты ROAR (Қайта өңдеумен айналысатын автономды жүйе) бағдарламасының жұмысы басталғанын мәлімдеді. Аталған бағдарлама қоқысты қайта өңдеумен айналысатын Renova компаниясымен біріге дайындалған. Жоба аясында қоқыс тасымалдайтын көліктер автономды жұмыс үлгісіне ауысады. Енді олар адамның көмегінсіз белгіленген аймақтарды қоқыстан тазарта алады.
ROAR бағдарламасы енді ғана басталды. Дегенмен мұның потенциалы жоғары екені белгілі болып отыр. Автономды жүйемен жұмыс істейтін роботтарды сынақтан өткізу 2016 жылдың маусым айына жоспарланған.