US Open: Рыбакина мен Соболенко қашан ойнайды?

US Open: Рыбакина мен Соболенко қашан ойнайды?
Фото: ҚТФ

12 қыркүйектен 13 қыркүйекке қараған түні Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open финалында Арина Соболенкомен кездеседі. Бұл теннисшілер арасындағы 18-кездесу болмақ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әзірге жеке кездесулер есебінде Беларусь өкілі алда - 10:7.

Бұл матч Еленаның WTA live-рейтингінде Соболенкодан жоғары тұрған тұста өтетін алғашқы кездесу болмақ.

Финал нәтижесіне қарамастан, Рыбакина турнир қорытындысы бойынша әлемдік рейтингтің бірінші орнын сақтап қалады.

Матч қашан және қайдан көрсетіледі?

Елена Рыбакина мен Арина Соболенко арасындағы финал 12 қыркүйектен 13 қыркүйекке қараған түні өтеді.

Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де басталады.

Қазақстандық телеарналар US Open додасын тікелей эфирде көрсетпейді. Алайда матчті Eurosport арнасынан көруге болады.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

WTA (@wta) жарияланымы

Рыбакина жетістігін одан әрі еселей алады

Еске салайық, қазақстандық теннисші турнирдің жартылай финалына шыққаннан кейін мансабында алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Ол WTA live-рейтингінде Арина Соболенкодан озды.

US Open бұған дейін Рыбакинаға бағынған емес. Ол осы турнирде ширек финалға да жетіп көрмеген.

Еленаның еншісінде қазір "Үлкен дулыға" санатындағы екі атақ бар - Уимблдон мен Australian Open. Биыл Мельбурнда өткен турнирдің финалында ол дәл осы Арина Соболенконы жеңген еді.

АҚШ-тағы жеңіс Рыбакинаның WTA әлемдік рейтингіндегі көшбасшылығын одан әрі нығайтып, қоржынына тағы бір ірі жүлде қосуға мүмкіндік береді.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Tennis Federation (@ktf.kz) жарияланымы

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget