US Open іріктеуінен сүрінбей өткен қазақстандық теннисші әлемнің 13-ракеткасымен ойнайды

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов алғаш рет US Open турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол 26 тамызда іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингте 112-орында тұрған аустралиялық Джеймс Даквортпен жолдама үшін сынға түсіп, 6:2, 6:2 есебімен жеңді.

Осылайша, 22 жастағы Скатов өз спорттық жолында алғаш рет АҚШ ашық чемпионатында ойнайды. 

Тимофейдің Нью-Йорктегі келесі қарсыласы АТР 250 Astana Open 2021 турнирінің финалисі Джеймс Дакворт болады (Аустралия).

Айта кетейік, 28 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте (АҚШ) "Үлкен дулыға" санатындағы US Open турнирі өтеді. 24 тамызда жарыстың негізгі жеребесі тартылып, қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды. Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина турнирдің алғашқы айналымында әлемнің 37-ракеткасы, украиналық теннисші Марта Костюкпен ойнайды. Бұл ойын 29 тамызға қараған түні шамамен сағат 00:15-те басталады. Оның уақыты алдағы бәсекелердің қашан бітуіне байланысты.

Қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева (әлемнің 79-ракеткасы) алғашқы раундында  италиялық теннисші Мартина Тревизанмен (әлемнің 53-ракеткасы) кездеседі.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик аустриялық Доминик Тиммен (әлемнің 82-ракеткасы) ойнайтын болды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!