US Open қарсаңында қазақстандық теннисшілердің рейтингі белгілі болды

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) АҚШ ашық біріншілігінің алдында спортшылардың рейтингін жаңартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик АТР рейтингінде 27-орынды сақтап қалды. 

Александр Шевченко бір сатыға төмендеп, 61-орыннан көрінді. 

Михаил Кукушкин 117, Дмитрий Попко 181-сатыда. Ал турнирдің негізгі айналымына жолдама алған Тимофей Скатов бір сатыға көтеріліп, 188-орынға жоғарылады. 

Айта кетейік, АҚШ ашық біріншілігі 26 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!