UFC 279 турнирінде шешен тектес швед Хамзат Чимаев америкалық Кевин Холландты жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Чимаев жекпе-жектің алғашқы секундтарында-ақ америкалыққа тап беріп, қылқындыру әдісімен жеңді.
Қазір Чимаевтың еншісінде 12 жеңіс бар. Холландқа келетін болсақ, бұл оның мансабындағы сегізінші және UFC-дегі бесінші жеңілісі (10-5).
Бастапқыда Хамзат Чимаев америкалық Нейт Диаспен жұдырықтасуы керек еді, бірақ ол жартылай орта салмақтағы шекті орындамай, UFC басшылығы бірден үш жұпты ауыстыруға мәжбүр болды. Бастапқыда Холланд Даниэль Родригеспен жекпе-жек өткізуі керек болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!