MMAFighting редакторы Дэймон Мартин жеңілмеген ирландиялық жауынгер Иэн Гарридің қазақстандық Шавкат Рахмоновқа қарсы жекпе-жегін көргісі келеді,, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Мұндай ой оған Гарридің Бостондағы (АҚШ) UFC 292 турнирі аясында Рахмоновтың бұрынғы қарсыласы американдық Нил Мигниді жеңгеннен кейін келген. Онда Иэн ММА-да 13 жауынгерді тізе бүктірген. Оның алтауы UFC-де орын алды.
"Мен білемін, барлығы екі жас үміткердің бір-бірімен кездескенін қаламайды. Бірақ бұл бизнес... Сондықтан мен Иен Гарридің Шавкат Рахмоновпен кездесуінен бас тартпас едім", - деп жазды Дэймон Мартин әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, Рахманов пен Гарри UFC жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. Бұл дивизионда Қазақстандық 6-шы орында, ал ирландиялық 13-ші орында тұр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!