200 миллионнан аса Twitter қолданушысының электрон поштасы ұрланды, - деп хабарлайды MARCA.
Басылым мәліметінше, деректер хакерлердің онлайн форумында сатылымға шыққан.
"Деректер ұрлануы мақсатты фишингке әкеп соғуы мүмкін", - деді Израильдің киберқауіпсіздікті бақылау фирмасының негізін қалаушы Алон Галь.
Ол бұл әлеуметтік медиа тарихындағы ең үлкен ақпарат ұрлануы екенін атаған.
Сондай-ақ, бұл жайт 2021 жылы болуы мүмкін екені айтылған. Бірақ ұрланған мәліметтер базасы енді ғана сатылымға шығарылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!