Turkvizyon-2015 сайысында Қазақстан атынан кімнің қатысатыны белгілі болды. Ел намысын «Орда» тобы қорғамақ.
Күміс көмей, жезтаңдай әншілер дауыс беру нәтижесі бойынша 33 пайыз дауыс жинап, айқын басымдықпен топ бастады. Енді еліміздегі танымал топ ел атынан халықаралық сайысқа қатысады.
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан іріктеу сайыста 18 үміткер бақ сынаған еді. Олардың арасында «Ринго», «Индиго», «Арай» сынды топтармен қатар, жеке орындаушылар да болды.
Естеріңізге сала кетсек, Turkvizyon-2015 ән байқауының ақтық бәсекесі желтоқсан айында Ыстамбұлда өтеді.