Нұр-Сұлтан қаласында қазақ жастарының ақпараттық сауатын дамытуға арналған True or False жобасы бастау алды.
Жоба аясында мектеп ашылады, мектептің мақсаты – жастардың бойында киберкеңістіктегі ақпаратты дұрыс талдау, жалған ақпаратты ажырату және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.
Қазан айынан қараша айына дейін Нұр-Сұлтан қаласында 14-29 жас аралығындағы 150 қатысушы үшін тренингтер өткізіледі.
Тренингтерді IT, киберқауіпсіздік, психология және коммуникация саласының жетекші сарапшылары өткізеді.
"Жастар ақпараттың таратылу жылдамдығы және технологиялардың қарқынды дамуына дайын болуы тиіс. Тақырыптың өзектілігіне байланысты аталмыш жоба ұйымдастырылды", – деп адап өтті басқармадан.
Жобаның ұйымдастырушысы - республикалық "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы. Серіктесі – "Еуразиялық мониторинг" аналитикалық зерттеу орталығы.