Toyota маркалы автокөлікті таңдағанда неге мән беру керек? Ерлерге кеңес

Көлікті сатып алғанда ең бірінші соғылмаған, боялмаған түріне мән береріңіз анық. Ал өзіңізге ұнайтын, қосалқы бөлігін тез тауып алатын Toyota маркалы автокөлікті алған кезде не нәрсеге баса мән берген дұрыс. Осы туралы Massaget.kz тілшісі сіздерге бірқатар кеңес ұсынады.

© auctionauto.kg

ВИН коды

Америкалық тойота автокөлігіне таңдауыңыз түссе онда көліктің терезе жақтауында арнай ВИН - код болады. Сол QR - кодты телефоныңызға басып тексерер болсаңыз онда сіз үшін автокөліктің боялған, боялмағанын, ұрылғанын және қай жерде жол көлік оқиғасы орын алғанын көрсетеді. Сондай-ақ, көліктің аукиондағы бағасын, тіпті бірінші иесі кім болғаны туралы мәліметтер шығарып береді.

© business-car.ru

Шетелден әкелінген Toyota

Ресей, Корея, БАӘ елдерінен осы маркалы көлікті әкелетін көліксүйер қауымға мамандар шетелде тойота корпоратив паркінің басты моделі. Сондықтан сізге дейін бұл автокөлік тек жұмысқа арналған тіпті 90 пайызы соғылған болатынын айтты. Сондықтан шетелден тапсырыс берер де нақты көзжүгіртіп алдын ала көлік жайлы ақпаратпен танысу керек дейді.

© avtocod.ru

Шетелден келетін көлікті қалай тексереміз?

Егерде автокөлік  Ресей мемлекетінен келетін болса, онда атылмыш сайттардан көріп, тексеріп шығуыңызға болады. ГИБДД.РФ немесе федеральды сот орындаушы қыздметін атқарушы порталына кіріп, автокөлік туралы нақты ақпаратқа көз жеткізген дұрыс. Бұндай көліктер көбісі кепіл ретінде тіркелгендіктен міндетті түрде ресми сайттардан тексерген жөн.

© видеоскрин

Орындық астындағы сандар туралы не білеміз?

Жолаушы орындығының астында дәл суретте көрсетілгендей сіздер сатып алатын көліктің арнайы 17 таңбалы код болады. Ол платформаға мұқият көз жүгірту керек. Сандары боялмаған, қыршылмаған болуы тиіс. Үрылмаған, соғылмаған туралы сіз сол кодтың жанында орналасқан арнайы кілт арқылы біле аласыз. Егер 17 таңбалы платформа боялмаған болса онда ол көлік зауыттан шыққанын біле аласыз.

Мамандар осы қағидаларға баса мән беру қажет екенін айтты. Одан өзге сіз көліктің техникасымен танысып, көлікті ұнатқан болсаңыз сатып аласыз.

Айта кетейік, бұған дейін "Көлік жалға алған кезде нені ескеру керек" екенін жазған болатынбыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!