6 тамызда Алматыда Tour of World Class Almaty веложарысы – әуесқой велосипедшілерге арналған жарыс өтеді, онда әрбір қатысушы өзін нағыз велошабандоз ретінде сезініп, өзінің барлық мүмкіндіктерін көрсете алады. Қала көшелеріндегі жолдарды жөндеуге және ыстық ауа райына байланысты веложарыс өтетін орынды және сөре уақытын өзгерту туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Веложарыстың сөресі ALMATY ARENA көпфункционалды кешенінің аумағында беріледі.
Tour of World Class Almaty ұйымдастыру комитеті мегаполис тұрғындары мен қонақтарына веложарыс күні жарыс өткізілетін жерлердегі жолдардың кейбір бөліктерінде қозғалыс ішінара жабылатыны туралы хабарлайды.
Көлік қозғалысы келесі көшелерде шектеледі:
Деректер веложарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытын ұтымды бөлуді ескере отырып енгізілген. Жолдардың жабылуын ескере отырып, оңтайлы маршрутты табу үшін сіз 2ГИС қосымшасын пайдалана аласыз.
Іс-шара күні қоғамдық көлік күнделікті режимде жұмыс істейтінін және оған жеке жолақ бөлінетінін атап өту маңызды.
Жарысқа қатысушылар өздерінің жетістіктері мен табандылығын білдіретін мәреші медалімен марапатталады. Абсолютті санатта 48,5 шақырым қашықтықта ерлер мен әйелдер арасындағы ең жылдам спортшылар тек құрметті атаққа ғана емес, ақшалай сыйлықтарға да ие болады:
Әр түрлі жас санаттарындағы 48,5 шақырым, 33,5 шақырым және 14 шақырым қашықтықтағы жеңімпаздар медальдармен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.
Жарыс уақыты:
Сөре қалашығында қатысушылар мен көрермендерді талантты музыкалық ұжымның қойылымдары мен қызықты промо-аймақтары бар ойын-сауық бағдарламасы күтеді. Бұл демалуға, пікірлес адамдармен араласуға және спорттық мерекенің атмосферасын тамашалауға тамаша орын болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!