- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Tour of World...
Tour of World Class Almaty веложарысы: 6 тамызда қандай жолдар жабық болады?
6 тамызда Алматыда Tour of World Class Almaty веложарысы – әуесқой велосипедшілерге арналған жарыс өтеді, онда әрбір қатысушы өзін нағыз велошабандоз ретінде сезініп, өзінің барлық мүмкіндіктерін көрсете алады. Қала көшелеріндегі жолдарды жөндеуге және ыстық ауа райына байланысты веложарыс өтетін орынды және сөре уақытын өзгерту туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Веложарыстың сөресі ALMATY ARENA көпфункционалды кешенінің аумағында беріледі.
Tour of World Class Almaty ұйымдастыру комитеті мегаполис тұрғындары мен қонақтарына веложарыс күні жарыс өткізілетін жерлердегі жолдардың кейбір бөліктерінде қозғалыс ішінара жабылатыны туралы хабарлайды.
Көлік қозғалысы келесі көшелерде шектеледі:
- Момышұлы көшесінен Доспанова көшесіне дейінгі ALMATY ARENA-ға іргелес жолдың қысқа бөлігі 6 тамызда сағат 02:30-дан 17:30-ға дейін екі бағытқа да жабылады.
- Доспанова көшесімен айналма жолдан Аднан Мендерес көшесіне дейінгі қозғалыс екі бағытта да сағат 06:00-ден 09:50-ге дейін жабылады.
- Момышұлы көшесі бойынша Аднан Мендерес көшесінен Мөңке Би көшесіне дейінгі қозғалыс 06:00-ден 09:50-ге дейін жабылады.
- Момышұлы көшесінен Мөңке Би көшесі бойымен Момышұлы көшесінің жалғасына дейінгі қозғалыс 06:00-ден 09:50-ге дейін жабылады.
- Момышұлы көшесі бойынша Мөңке Би көшесінен БАК бойындағы көшеге дейінгі қозғалыс 06:00-ден 09:50-ге дейін жабылады.
- БАК бойындағы Момышұлы көшесі бойымен экологиялық бекетке дейінгі қозғалыс 06:00-ден 09:00-ге дейін жабылады.
- Индустриялық аймақтың айналасындағы қозғалыс 06:00-ден 09:00-ге дейін жабылады.
Деректер веложарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытын ұтымды бөлуді ескере отырып енгізілген. Жолдардың жабылуын ескере отырып, оңтайлы маршрутты табу үшін сіз 2ГИС қосымшасын пайдалана аласыз.
Іс-шара күні қоғамдық көлік күнделікті режимде жұмыс істейтінін және оған жеке жолақ бөлінетінін атап өту маңызды.
Жарысқа қатысушылар өздерінің жетістіктері мен табандылығын білдіретін мәреші медалімен марапатталады. Абсолютті санатта 48,5 шақырым қашықтықта ерлер мен әйелдер арасындағы ең жылдам спортшылар тек құрметті атаққа ғана емес, ақшалай сыйлықтарға да ие болады:
- бірінші орын – 100 000 теңге,
- екінші орын – 80 000 теңге,
- үшінші орын – 60 000 теңге.
Константин Чалабов
Әр түрлі жас санаттарындағы 48,5 шақырым, 33,5 шақырым және 14 шақырым қашықтықтағы жеңімпаздар медальдармен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.
Жарыс уақыты:
- 6:00 – 48.5 км тас жол велосипедтерінің сөресі
- 6:05 – 33.5 км тас жол велосипедтерінің сөресі
- 6:11 – 33.5 МТБ велосипедтерінің сөресі
- 9:10 – 14 км балалар қашықтығының сөресі.
Сөре қалашығында қатысушылар мен көрермендерді талантты музыкалық ұжымның қойылымдары мен қызықты промо-аймақтары бар ойын-сауық бағдарламасы күтеді. Бұл демалуға, пікірлес адамдармен араласуға және спорттық мерекенің атмосферасын тамашалауға тамаша орын болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Шәріпхан