Жапонияда жыл сайын қазан айында өткізілетін CEATEC техно көрмесінде Toshiba компаниясы бет келбеті тура адамға ұқсаған android-әйелді таныстырды. Робот көзін ретімен ашып-жұмып тұратын жас қыздың кейпінде құрастырылыпты.
Оның негізгі бағдарламаланған жұмысы есіте алмайтын адамдарға ымдап сөйлеу арқылы түсіндіру болып табылады. Оған арнайы дефектоогиялық бағдарлама қондырылған. Көрмеде қойылған модельдің есімі Айко Чихара екен.
Жаңа гуманоидты роботтарды құрастыру саласындағы жоба aLab компаниясы, Сибуар Технология Институты және Шонан технология Институтымен біріккен күйде қолға алынған.
Жалпы бұл жобаның негізгі мақсаты қызмет көрсету саласында, қайырымдылық және жарнамалық жұмыстарда негізгі атқарушы еңбек күшін қалыптастыру болып табылады. Әзірге тестілеу мақсатында роботтың бірнеше нұсқасын ғана жасап шығарды. Алдағы уақытта толық өндіріске берілетін болады.
Сурет: techvesti.ru