Top Gear бағдарламасының жүргізушісі эфирден уақытша аластатылды

Атышулы Джереми Кларксон көліктер туралы бағдарламаны уақытша жүргізбейді, – деп жазады 24.kz.

Бұған Кларксонның Top Gear продюсерімен төбелесі себеп болды.

Осыған байланысты бүкіл әлемдегі көрермендердің көзайымына айналған Top Gear бағдарламасының 3 шығарылымы алдыңғы апталарда эфирге шықпауы мүмкін. Әзірге BBC арнасы да, Кларксонның өзі де бұл жағдайға қатысты тұшымды түсініктеме берген жоқ. 

Top Gear – дүние жүзіндегі 200 елге таратылатын және көрермендер саны жөнінен Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген танымал деректі шоу.

сурет: nydailynews.com