"TikTok түсіріп, полицейлерді балағаттаған". Қостанайда Mercedes жүргізушісі ұсталды

Қостанайда полицейлерге дөрекілік танытқан жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

TikTok желісінде жүргізуші полицейлерді балағаттап жатқан видео пайда болды. Кадрларда видео авторы, Mercedes-Benz көлігінің иесі өзін тоқтатқан тәртіп сақшыларына дөрекі, әдепсіз сөздер айтады.

Назар аударыңыз! Видеода әдепсіз сөздер айтылған.

@mercedesbenz63amgw211

г.Костанай Гор пляж,волчары #

♬ оригинальный звук - Rrrrr

Қостанай облысының Полиция департаменті мәліметінше, көлікте мемлекеттік нөмір болмаған. Полиция қызметкерлері оны қалалық жағажай аумағында ұстаған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, заңбұзушылықты тіркеу кезінде ер адам оларды балағаттап, оқиға орнынан қашуға тырысқан.

"Қостанай тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 667-бабы бойынша "Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау", ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы "Билік өкілін қорлау" бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сондай-ақ, тіркелген екі дерек бойынша соталды тергеу басталды", - деді Полиция департаменті өкілдері.

Қазір облыс тұрғыны сот шешімі шыққанша уақытша ұстау изоляторына қамалған.