Қызылорда облысында жануарға қатыгездік танытқан тұрғын жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
21 қыркүйекте TikTok желісінде ер адам мысықты қинап, қатыгездік танытқаны туралы видео тараған. Полиция қызметкерлері жедел түрде тексеріс жүргізген.
ІІМ өкілдері қабылдаған шаралар нәтижесінде жануарға қатыгездік танытқан адам анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.
"Ол Жамбыл облысының 43 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды. Бұдан бөлек, оған мұндай әрекеттерге жол бермеу туралы ресми ескерту жасалды", - деді полиция.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова