TikTok-тағы тікелей эфир кезінде бейәдеп сөздер айтқан Талдықорған тұрғыны айыппұл арқалады

TikTok-тағы тікелей эфир кезінде бейәдеп сөздер айтқан Талдықорған тұрғыны айыппұл арқалады
Фото: Видео кадры

TikTok-тағы тікелей эфир кезінде бейәдеп сөздер айтқан Талдықорған тұрғыны жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері TikTok-тағы тікелей эфирде бейәдеп сөздер айтылғанын анықтаған.

Құқық бұзған адам Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Тексеріс барысында әйел бұған дейін де осыған ұқсас құқықбұзушылықтар үшін екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, ол қоғамдық тәртіпті қайта бұзған.

"Полиция қызметкерлері қажет материалдарды жинақтап, сотқа жолдады. Істі қарау нәтижесінде әйел кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оның кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп, әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындады", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget