TikTok-тағы ойыннан 13 жастағы қыз өз-өзіне қол жұмсағаны рас па? Министрлік пікір білдірді

TikTok-тағы ойыннан 13 жастағы қыз өз-өзіне қол жұмсағаны рас па? Министрлік пікір білдірді
Фото: © depositphotos

Ішкі істер министрлігі өкілі TikTok-тағы ойын салдарынан 13 жастағы бала қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Stopfake.kz

WhatsApp-та тараған дауыстық хабарлама авторы суицид жасаған 13 жастағы қызы туралы айтады. Оның сөзінше, қыз TikTok әлеуметтік желісіндегі ойынға байланысты осындай қадамға барған екен.

Сонымен қатар, ер адамның айтуынша, қыз 12 қаңтарда өз-өзіне қол жұмсаған. Ал бұған дейін мұндай жағдай Таразда болған. Алайда ІІМ өкілі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат расталған жоқ", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова