- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- TikTok-та "зорлау күні"...
TikTok-та "зорлау күні" туралы тараған ақпарат - фейк
TikTok және басқа да әлеуметтік желілерде 24 сәуір Халықаралық зорлық-зомбылық күні болып танылатыны туралы ақпарат таралып жатыр. Желі қолданушыларының сөзінше, бұл күні ер адамдар әйелдерге зорлық көрсете алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ІІМ ағылшын тіліндегі посттан тараған бұл хабарламаның жалған екенін атап өтті. Қазіргі уақытта "24 сәуір" туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағында таратқан TikTok желісінің екі қолданушысы анықталды. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Полиция ҚР ҚК-нің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертеді.
Баптың санкциясымен 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу не болмаса бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина