- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- TikTok-та заңсыз құмар...
TikTok-та заңсыз құмар ойынын ұйымдастырып, 19 миллион тапқандар сотталды
Алматыда TikTok-та онлайн бәс тігу арқылы құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін де ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті әлеуметтік желіде құмар ойындарды тарату қызметінің жолын кескен болатын. Ол кезде тергеу барысында ер адамдар 4 ай ішінде 13 миллион теңгеге жуық сомаға ірі мөлшерде табыс тауып, стримдер ұйымдастырғаны дәлелденді. Бұл екі адам кінәлі деп танылып, оларға 1,5 жылға бас бостандығын шектеу үкімі шығарылды.
Ведомство мәліметінше, тағы да заңсыз ойын бизнесі саласындағы дәл осындай құқықбұзушылықтар үшін 19 миллион теңгеден аса ірі мөлшерде табыс тапқан төрт адамға сот 4 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова