TikTok-та Қасым-Жомарт Тоқаевтың отставкаға кеткені туралы видео жарияланды. Stopfake.kz мәліметінше, бұл - фейк, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ресми дереккөздерде отставка туралы ақпараттар жоқ. Ақорда сайтында да, Президенттің жеке Twitter-аккаунтында да, оның баспасөз қызметінің аккаунтында да бұл туралы ештеңе жазылмаған.
Шындыққа жанаспайтын оқиғаларға "аты айғайлап тұрған" тақырыптар қою - блогерлер мен кейбір бұқаралық ақпарат құралдары өз жарияланымдарына назар аударту үшін жиі пайдаланатын әдіс.
Сонымен қатар, отставкаға кету туралы видео жарияланған TikTok-та Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми парақшасы жоқ. Аталған әлеуметтік желіде оның атынан ашылған барлық аккаунттар жалған.
Президенттің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына сілтемелер Ақорда сайтында көрсетілген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!