TikTok-та балағат сөз айтқан ер адам көше тазалауға мәжбүр болды

Қызылорда облысында TikTok-та балағат сөз айтқан ер адам 60 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері TikTok желісіндегі тікелей эфир барысында бірнеше рет балағат сөз айтқан Қызылорда облысы Сырдария ауданының 36 жастағы тұрғынын анықтады.

Ол құқықбұзушылық жасаған кезде масаң күйде болған.

"Ол сот шешімімен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды", - деді полиция.

Қазір ер адам сот тағайындаған жазасын өтеп жатыр. Ол көшелерді сыпырып, аумақты арамшөптерден тазартып, басқа да қоғамға пайдалы жұмыстар істейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!