TikTok компаниясының Еуропадағы мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі вице-президенті Тео Бэртрам ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлімен кездесті. Кездесу барысында қосымшаға қазақ тілін енгізу мәселесі талқыланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында Дархан Қыдырәлі баспасөз хатшыларын оқыту, цифрлық сауаттылықты арттыру, әлеуметтік желіні тиімді қолдану жағынан ортақ тренингтер ұйымдастыруды ұсынды.
Оған қоса, министр TikTok желісіне қазақ тілін енгізуді ұсынды. Компания өкілі Желіге қазақ тілін орнату жайы қарастырылып жатқанын айтты.
"TikTok желісі министрлік құзіретіне қарасты салада белсенді пайдаланылып жатыр. Мәселен, Bala house, "Ел бірлігі" жобалары жақсы қаралым жинап үлгерді.
Тео Бертрам компания ойын-сауық бағытынан интеллектуалдық, мәдени-рухани контенттер жасауға басымдық беріп отырғанын, Қазақстанмен бірлесе жұмыс істеуге әзір екенін айтты", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!