Былтыр Асхат Аймағамбетов Tik Tok платформасы өкілдерімен кездесуде жаңа интернет-сайттарда білім мен ғылымды насихаттаудың маңыздылығына тоқталған еді. Бұрынғы білім және ғылым министрі Қазақстанда түрлі интернет-платформаларды қолданатын, түрлі сабақтарды заманауи және қызық форматта түсіндіретін белсенді мұғалімдердің барын айтты. Massaget.kz тілшісі жаңа технологиялары мен платформаларын пайдаланып, білім беретін заманауи мұғалімдерге шолу жасады.
Асхат Аймағамбетов кездесуде тіпті оқушылардың ҰБТ-ға Tik Tok арқылы дайындалатынын бөлісті.
"Біз үшін мемлекеттік тілде білім беру және ғылыми мазмұнды құруға басымдық беріледі. Біздің ынтымақтастығымыз қазақ тілін және Tik Tok платформасында мемлекеттік тілдегі ғылыми-танымдық ақпаратты дамыту танымал болады деп сенемін. Бұл осы платформада оқуға болады дегенді білдірмейді, бірақ білім беру мақсатында ресурстарды қосымша ақпарат көзі ретінде іске асыру пайдалы болар еді. Жақында мен түлектермен сөйлестім, олар оқулықтар мен басқа да білім беру ресурстарын пайдалана отырып дайындалып жатқанын, сонымен қатар, ҰБТ-ға дайындала бастағанын, соның ішінде Tik Tok-тан ақпарат алатынын айтты", - деді Асхат Аймағамбетов.
Бұған дейін министрлік Tik Tok-та парақша ашып, тараптар #ТикТоктаүйренҚазақстан бірлескен білім беру жобасын бастаған болатын.
Тарих пәні
Тарихшы, археолог, TikTok желісінде "Тарих ағай" лақапатыымен танымал Нұрқожа Ерсайын парақшасында тарихтағы маңызды мәселелерді түсінікті тілмен береді. Алғашында ол Jump2Mars құрамында болған. Қазір TikTok-парақшасында 185 мыңнан аса оқырманы бар.
@nurqojadua #тарихағай ♬ оригинальный звук - тарих ағай
Химия пәні
Химия пәнін аниме стилі арқылы оқырмандарына түсіндіретін Ұлан Үсенов - "100 жаңа есім", Forbes 30 Under 30 жобаларының жеңімпазы, Назарбаев зияткерлік мектебінің химия пәні мұғалімі. Қазір TikTok-парақшасында 1 миллион 300 мыңнан аса оқырманы бар.
"Ең алдымен, балаға қызық, оның дүниетанымы мен әлемді тануға деген ниетін оятатын заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану қажет. Әсіресе қазір интерактив әдіске қызығушылық басым. Мәселен, менің оқушымның көбі аниме көргенді ұнатады. Сондықтан осындай интерактив қызық әдіске жүгінуге тура келді. Оқушыға білім беруді қалаған мұғалім ақпаратты ұқтырудың амалын табады деп ойлаймын. Оған аз ойланса жеткілікті", - деді ол бір сұхбатында.
@wannabeteacher немного очевидно, но все же ? #химия ♬ оригинальный звук - NAVI | ULTRAN1GER
Ағылшын пәні
Ақжол - Назарбаев университетінің "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша түлегі. Оның ақпарат беру стилі ерекше. Байқап отырсаңыз, ол өзінің бет-жүзін көрсетпейді, арнайы Instagram-маскасын қолданады. Ағылшын тілінен басқа қытай тілінде де сөйлей алады. Тіпті ол - "Қазақ аудиториясына арналған ағылшын тілі" әдістеме-кітабының авторы. Қазір TikTok-парақшасында 16 мың, Instagram-парақшасында 87 мың оқырманы бар.
@english_teacher_akzhol Маған жазыл, Ағылшын тілін бірге үйренеміз! #агылшын #агылшынтили #агылшыншабылукерекпоидеищщс #ағылшын #ағылшынтілі #ағылшынтілінүйрену #ағылшынонлайн #ағылшыншаүйрену ♬ original sound - english_teacher_akzhol
Математика пәні
Данияр Сеңгірбай - 5 жылдық тәжірибесі бар математика және физика пәндерінің мұғалімі. Қазір Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған #ҚазақстанМұғалімдері байқауының "Жаңа мұғалім" номинациясының амбассадоры. TikTok-парақшасында 180 мыңға жуық оқырманы бар.
@aks.dani #деньнаукиказахстана #логика ♬ this is what falling in love feels like - JVKE
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!