TikTok арқылы құмар ойын ұйымдастырған астаналықтар сотталды

TikTok арқылы құмар ойын ұйымдастырған астаналықтар сотталды
Фото: РИА Новости

TikTok арқылы құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сот үкімімен 2 астаналық Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс жерлерде құмар ойындарды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін әрқайсысы 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алдын ала сөз байласу адамдар тобымен кінәлі тұлғалар "TikTok" әлеуметтік желісінде жалпы сомасы аса ірі мөлшерде 34 млн теңгеден астам табыс табумен "Зарик" атты құмар ойын өткізген.

Ойынның шартына сәйкес, тікелей эфирге қосылған азаматтар 500-ден 4000 теңгеге дейінгі мөлшердегі белгіленген соманы ұйымдастырушының есепшотына есімін және ұтыс алу үшін жеке телефон нөмірін көрсете отырып жолдайды. Бір ойын тек екі қарсыластың арасында өтеді.

Бәс тігудің жеңімпазы 3 ойын текшесін айналдыру арқылы анықталған. Ең көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз болып табылады.

Үкім заңды күшіне енді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина