Алматыда әлеуметтік желіде балағат сөздер жазған қала тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бірнеше күн бұрын Threads желісінде Желтоқсан құрбандарына қатысты жазбаға тосын пікір білдірген қолданушы қызу талқыға түсті. Көпшілік бұл жайтқа наразылық білдірді.
Алматы Полиция департаменті бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. П. есімді адам анықталып, полиция басқармасына жеткізілген.
"Қазір оның іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп жатыр", - деді полиция.
Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда Threads желісіндегі жазбалары арқылы әлеуметтік, діни және ұлттық араздықты қоздырды деп айыпталған 23 жастағы кәсіпкер Алика Мұхамадиеваның ісі аяқталды. Оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!