- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- The Spirit оf...
The Spirit оf Tengri фестивалінде қазақ әндері венгр тілінде орындалады
Тhe Spirit of Tengri халықаралық заманауи этникалық-музыкалық фестивалінде қазақ әндері венгр тілінде орындалады.
Венгрлер немесе өздерін мадиарлар деп атайтындар музыкалық Tengri FM радио шоуында осымен екінші рет өнер көрсетпекші. Бұл Holdviola тобының орындаушысы Тилле Торок жайлы айтылып отыр. Әншінің айтуынша, музыканттар осы жолы үлкен репертуармен келді. "Қазір біз барлық құпияны аша салмаймыз, бірақ біз қазақ әндерін венгр тілінде орындайтын боламыз. Әндеріміз Отан туралы", − деді Торок.
Оның айтуынша, музыканттар Тhe Spirit of Tengri халықаралық заманауи этникалық-музыкалық фестивалінде басқа құраммен өнер көрсетеді , яғни топтарына виолончельші қосылған екен. "Алматы бізді жақсы қарсы алды. Ал адамдары өте ашық және көңілді", - деді музыкант.
The Spirit of Tengri фестивалінде қазақстандық DJ Нариман Исенов якуттың "Айархаан" тобымен бірге өнер көрсетеді. Бұл топтың көшбасшысы − хомусшы Альбина Дегтярева.
"Біз осымен төртінші рет өтетін фестивальде алматылықтарға хомусшының әндері мен түрлі стиль мен бағытты біріктірген әндер ұнайды деп ойлаймын. Хомус - қызық аспап, ол әлемдегі ежелгі аспаптардың бірі. Ол аспапта баяу әндермен қатар. ритмикалық әндерді де орындауға болады. Меңінше, біздің тыңдармандарға бұл қызық болады. Орындалатын әндерде түрлі құстар мен жануарлардың дыбыстары естіледі. Егер осыған дейін адамдар хомусты жай аспап ретінде санаса, бүгінде үш хомус сахнада бүтін бір оркестр секілді", - деді Дегтярева.
Диджей Нариман Исеновтің айтуынша, оның якут тобымен бірге айтатын әндері жақсы орындалуы тиіс. "Менен психоделикалық Dub пен Drum and Bass жанрындағы әндерді күтуге болады. Сонымен қатар, екінші күні көптеген музыканттың қатысуымен jam session өтетінін айта кетейін", - деді диджей.
Екікүндік халықаралық заманауи этникалық-музыкалық The Spirit of Tengri фестивалі open-air үлгісінде Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында өтеді. Дайындық қызу өтіп жатыр. Алаңда аппаратура орнатылып қойған.
Концерт сағат 17.00-де басталады. Қонақтарға кіру тегін. Жобаны ұлттық Tengri FM радиостанциясы ұйымдастырды. Шара Алматы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп, Алматы қаласының 1000 жылдығына арналады. Екі күндік фестивальді Tengri FM радиостанциясы мен бас серіктесі Kaspi bank ұйымдастырып отыр.
Биыл фестивальге 9 мемлекеттен 13 топ қатысады. Олардың ішінде: Baba Zula (Түркия), "Айирхаан" (Якутия), TRAD.ATTACK! (Эстония), Huun Huur Tu (Тува), DJ Rizzo (АҚШ), "Аргымак" (Башқұрстан), Екатерина Ямщикова (Башқұрстан), Tilla Török's Band & Holdviola (Венгрия), "Алдаспан" (Қазақстан), DJ Нариман Исенов (Қазақстан), "Тиграхауд" (Қазақстан), Roksonaki (Қазақстан) и Sintas (Қытай), "Барабаны Алматы" жобасы мен Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның домбырашылары.
Дереккөз: tengrinews.kz
С. Ерсін