Бұрындары қосымшада жаңалықтардың тілін өзгерту үшін төрт қадам жасау керек болатын. Қазіргі уақытта Android базасындағы құрылғылардың мобильді қосымшасында бір ғана қадаммен өту мүмкіндігі пайда болды. Алдағы уақытта бұл мүмкіндік IOS операциялық жүйесіндегігаджеттерде де пайда болады. Ақпараттық сайттың қазақша нұсқасы 2014 жылдан бері қазақ тілді аудиторияға сапалы да өзекті контент ұсынып келеді. Порталдың орысша нұсқасындай барлық айдар қамтылған, яғни оқырман өзіне қажетті саладағы кез келген тақырыпта мәліметті таба алады. Сонымен қатар, журналистердің ұсынған эксклюзив және сараптамалық материалдарын да осы сайттан таба аласыз. GoogleAnalyticsмәліметіне сәйкес, сайтқа күніне орта есеппен 10 мыңнан аса адам кіреді. Наурыз айынан бастап сайттың орысша нұсқасындағы жаңалықтар тізілімінде қазақ тіліндегі жаңалықтар да шыға бастады. Әлеуметтік желілерде порталдың қазақша нұсқасындағы ресми парақшалары бар. Facebook 18 мың қолданушы жазылған, ВКонтакте 38 мың, Instagram 93 мың,Twitter 3120. Tengrinews.kzAndroid базасындағы мобильді қосымшасын мына жерден жүктей аласыз.