Қаржылық мониторинг агенттігі мен Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы бірлесіп жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚМА мәліметіне сүйенсек, қазір есірткі бизнесі криптовалюта саласына көшкен, оларға заңсыз криптовалюта ұйымдары қолдау көрсетіп отыр.
"Біздің қаржылық барлау бөлімшесі былтырдан бері Telegram әлеуметтік желісінде есірткіні сату бойынша 55 интернет арнаны анықтады. Ішкі істер органдарына 30-ға жуық материал жіберіліп, 18 қылмыстық іс тіркелді", - деді ҚМА төрағасы Дмитрий Малахов.
Еске салайық, бұған дейін де есірткіні Telegram арқылы сатып, миллиардтаған ақша тапқандар ұсталғаны хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!