Telegram-да 2023 жылдың шілдесінде әлемде пандемияның жаңа толқыны басталатыны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Stopfake.kz сайты.
Басылым мәліметінше, ақпаратты таратушылар болжамның "дәлелі" ретінде көркем фильмді және The economist журналының мұқабасын алға тартқан.
"Фильм "Тордағы құс. Ауру жұқтыру" ("Птица в клетке. Заражение") деп аталады. Ол 2020 жылы COVID-19 пандемиясы шарықтаған кезде шыққан. Онда 2023 жылы ауыр дерттің пайда болғаны, сондай-ақ 2024 жылы қоғамның түбегейлі өзгергені туралы айтылады. Ірі қалаларда қатаң локдаун жарияланды, ал науқастар оқшаулау аймақтарына жіберіліп, оларға ешқандай көмек көрсетілмеді. Бұл "Обитель зла" немесе "Ходячие мертвецы" өмірде болатынына сенгенмен бірдей.
Тіпті, фильмді түсіргендер миллиондаған адамның өмірін қиған ауруды пайдаланып, өз атын шығармақ болды, көрерменді одан сайын қорқытып, оларға карантиндік шаралар мен денсаулық сақтау жүйесінің жұмысы туралы қате түсінік берді деп айыпталды.
The Economist журналының мұқабасына келетін болсақ, онда да жаңа пандемия болжанбаған. Пайдаланушылар сілтеме жасаған басылым 2021 жылдың 13 желтоқсанында шыққан. Онда өткен жыл қорытындыланып, келесі жылдың қандай болатыны туралы болжамдар жазылған. Журнал санының мұқабасында бұрын болған оқиғалардың белгілері мен адамдар бейнеленген. Мәселен, SARS-CoV-2 вирусының суреті жаңа пандемияның болатынын емес, басталған пандемияның бейнесі боғлан", - деп жазады Stopfake.kz.
Айта кетейік, 2021 жылы The Economist журналы COVID-19 індеті 2022 жылы басылады деп жазды. Жаңа мутациялардың пайда болуы және карантин шараларының күшейтілуі осы және басқа мақалаларда айтылмаған.
"Демек, 2023 жылы жазда әлемде жаңа пандемия болады, жаңа COVID-23 ауруы пайда болады деп санауға негіз жоқ", - деп түйінделген сайтта.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!