Telegram арқылы оңай олжаға кенелгісі келген студент 15 жылға сотталды

Telegram арқылы оңай олжаға кенелгісі келген студент 15 жылға сотталды
Фото: ҚМА кадры

Қарағандыда заңсыз есірткі айналымы, есірткі контрабандаcына қатысты іс бойынша үкім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Колледж студенттерінің бірі есірткі тарату арқылы табыс табу мүмкіндігі туралы біліп, Telegram мессенджерінде белгісіз куратормен "жасырушы-курьер" және "қойма" қызметін атқару жөнінде келісім жасаған. Оның міндетіне берілген координаттар бойынша есірткі алу, сақтау, бөліп орау, тасымалдау және қала аумағында жасырын орындарға орналастыру кірген. Ол күніне шамамен 30 қаптама жасырған.

"Айыпталушы Таиландтан Қазақстанға халықаралық пошта арқылы есірткі жеткізуді ұйымдастырған. Осы мақсатта ол 400 мың теңге сыйақыға Telegram мессенджері арқылы кәмелетке толмаған дропперді тартып, поштаны оның атына рәсімдеген. Ол тауарды алу кезінде ұсталып, 909 грамм каннабис экстракты тәркіленді. Тінту барысында оның тұрғылықты жерінен қосымша 80 грамм есірткі алынды. Сондай-ақ, ұялы телефонды тексеру кезінде бір күн бұрын бірнеше қап жасырғаны анықталды", - деп жазылған ҚМА хабарламасында.

Берілген координаттар бойынша тағы 3,34 грамм каннабис экстракты тәркіленген.

Сот үкімі

Сот үкімімен айыпталушы 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget