Telegram арқылы нөмірлерді тексерудің жаңа әдісі іске қосылды

Telegram арқылы нөмірлерді тексерудің жаңа әдісі іске қосылды
Фото: Getty Images

Танымал мессенджердің негізін қалаушы Павел Дуров Telegram Gateway деп аталатын телефон нөмірлерін тексерудің жаңа әдісін іске қосқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кәсіпкер бұл туралы өзінің Telegram-арнасында жазды.

"Telegram кәсібі бар тұтынушылардың телефон нөмірлерін тексерудің ең қолжетімді әдісін іске қосты. Әлемнің кез келген жерінде бір код үшін бар болғаны $0,01 төлейсіз", – деді ол.

Оның айтуынша, енді компаниялар Telegram арқылы пайдаланушыларына тексеру кодын жіберу арқылы миллиондаған қаржысын үнемдей алады.

"Бұл әдіс SMS арқылы дәстүрлі тексеруге қарағанда әлдеқайда арзан, жылдам және қауіпсіз", – деп түсіндірді Дуров.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуров мессенджерде сыйлық пайда болғанын мәлімдеген еді.

"Мерекелер маусымы (оның ішінде менің туған күнім де бар) жақындап қалды және бүгін біз сыйлықтар шығарамыз!" – деп жазды ол өзінің Telegram-арнасында.

Павел Дуров сыйлықтар жақындарыңызды маңызды оқиғамен құттықтаудың тамаша тәсілі екенін атап өтті.

"Сыйлық алушылар оларды профилінде көрсетуді немесе жұлдызға сатуды таңдай алады (ішкі валюта – шамамен)", – деп түсіндірді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева