Tele2 мен Altel қатарлық компанияға сатылды

Қатар компаниясына Mobile Telecom Service-ті (Tele2 және Altel) сату аяқталды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы KASE мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биржа мәліметінше, мәміле 2025 жылғы 14 қаңтарда аяқталды. "Қазақтелеком" "Мобайл Телеком-Сервис" акционерлік қоғамының жарғылық капиталындағы 100 пайыз үлесін Qatar PIH Communication LLC (Power International Holding) пайдасына сатты.

Айта кетейік, "Қазақтелекомның" негізгі акционері - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры.

2024 жылы "Қазақтелеком" өзінің мобильді активтерінің бірі - Mobile Telecom-Service ЖШС-ын (Tele2/Altel брендтері) Таяу Шығыстағы жетекші конгломерат - Qatar Power International Holding-ке сататыны белгілі болды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз