- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Tau Jarys: 18...
Tau Jarys: 18 елден келген 1 300 қатысушы Алматы тауларын бағындырды
19 мамыр күні Алматы облысында "Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қоры ұйымдастырған Tau Jarys ойлы-қырлы жерлермен жүгіру жарысы өтті. Бұл іс-шара нағыз спорт және ұрпақтар бірлігі мерекесіне айналған әлемнің 18 елінен жүгіруді ұнататын 1 300 адамды жинады. Жарыстың ең үлкен қатысушысы 78 жаста, ең кішісі –10 жастағы спортшы.
Осы жылы 2 шақырым (10-14 жас) балалар қашықтығы, сондай-ақ 6 және 12 шақырым (15 жастан асқан) ересектер қашықтықтары ұсынылды. Трасса "Алатау" шаңғы-биатлон кешеніндегі табиғаты әсем жерлермен өтті. Алматыдан небәрі бір сағаттық жерде қатысушылар отбасыларымен, әріптестерімен және достарымен белсенді демалыс күндерін өткізе алды.
"Tau Jarys – бұл жай ғана жүгіру емес, бұл бүкіл отбасы үшін нағыз мереке! Біз әр қатысушының жасына қарамастан жағымды және ұмытылмас әсер алуына мүмкіндік беру үшін әрқашан көңілді және қуанышты атмосфераны құруға тырысамыз. Біздің міндетіміз – спорт пен белсенді өмір салтын насихаттау және біз жүгірудің қол жетімді және тиімді әдісі екеніне осының алғашқы қадам екендігіне сенеміз. Сондықтан біз барлығының және кез келген жерде жүгіре алатынын әрқашан атап өтудеміз", - деді "Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.
Сондай-ақ, скандинавиялық жүріс қашықтығы аясында биыл алғаш рет Қазақстан чемпионатының өткізілгенін атап өткен жөн. Чемпионат Алматыда 29-30 маусымда өтетін скандинавиялық жүрістен Әлем Кубогына қатысу үшін еліміздің құрама командасына ресми іріктеу болды.
Орталық Азиядағы алғашқы "Еуразия" скандинавиялық жүріс мектебінің негізін қалаушы Максим Прощенко атап өткендей, олар бұл сәтті 10 жыл күтті:
"Бұл Tau Jarys ерекше: Almaty Marathon аясында скандинавиялық жүріс бойынша алғашқы жарыстан бері 10 жыл өтті. Халықаралық ережелер бойынша марапатталып, төрешілермен жарыстар ұйымдастырылды. Tau Jarys-тың орналасқан жері осындай іс-шараны өткізуге өте ыңғайлы, себебі скандинавиялық жүріс жарыстарының ережелері табиғи бедерді қолдануды талап етеді".
12 шақырым қашықтықтағы абсолютті жеңімпаздар ерлер арасында қашықтықты 43 минут 17 секундта жүгіріп өткен Рахымжан Кельманов және әйелдер арасында 52 минут 53 секундта аяқтаған Диана Айдосова болды. 6 шақырым қашықтықта әйелдер арасында ең жылдам Нұрысбек Сексембай (21 минут 47 секунд) және Дана Гусарова (25 минут 13 секунд) болды.
Әр қашықтықта әйелдер мен ерлер арасында үш жеңімпаз ақшалай сыйлықтармен (12 шақырым қашықтықта 130, 100 және 70 мың, 6 шақырым қашықтықта 70, 50, 30 мың теңге), серіктестерден мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.
Жас санаттарындағы жүлделі орындарға 100-ден астам спортшы ие болды, ал барлық қатысушылар мәреші медальдарын алды. Жарыс нәтижелері almaty-marathon.kz сайтында жарияланды.
Орталық Азиядағы ең ірі спорттық іс-шара – Almaty Marathon-ға тіркеу жалғасып жатыр, ол 29 қыркүйекте өтеді. Ал 16 маусымда Астанада - Astana Half Marathon өтеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан