Tartyl Fest: Талдықорғандағы жеңімпаздар белгілі болды

Tartyl Fest: Талдықорғандағы жеңімпаздар белгілі болды

Талдықорғанда өткен Tartyl Fest спорт фестивалінің жеңімпаздары белгілі болды. Жергілікті тоғыз тұрғынға 200 000 теңгеден берілді, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.

Бүгін Талдықорғанда турникке тартылудан республикалық Tartyl Fest фестивалінің екінші сайысы өтті. Оған 288 қатысушы жиналды.

Әр сайысқа ресми қазылар алқасы қатысады және барлық қатысушы жасы мен салмағына қарай 9 санатқа бөлінеді. Талдықорғандағы Tartyl Fest-ке жиналғандар барлығы 4731 рет тартылған.

Талдықорғандағы фестивальдің ең жас қатысушысы - Егор Горяев. 7 жастағы бала 4 рет тартылды, ал жасы ең үлкен қатысушы - 63 жастағы Әбдуәли Тастанов. Ол 15 рет тартылды! Ер адам армрестлингтен әлем чемпионатына дайындалып жүр.

Нұрлан Қоянбаев пен 2RAR Талдықорғандағы фестивальдің арнайы қонағы болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dara Qory (@daraqory)

Спорт фестивалі Қазақстанның тағы 18 қаласында өтеді және 6 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда аяқталады. Елордада 20 қаланың жеңімпаздары бірінші орынды сарапқа салады.

Еске салайық, Tartyl Fest Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы "Dara" дарындыларды қолдау қорының" ұйымдастыруымен елімізде алғаш рет өткізіліп отыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dara Qory (@daraqory)

Д. Шәріпхан