Super Bol жобасының командасы "Қайрат-Жастарға" қарсы ойнады

Super Bol жобасының командасы "Қайрат-Жастарға" қарсы ойнады

Super Bol жобасының командасы "Қайрат-Жастарға" қарсы ойнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

12-шілдеде Алматыдағы орталық стадионда Dara және Freedom Holding corp. президенттік бастамалар қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Super bol халық жобасының қатысушылары мен "Қайрат-Жастар" футбол клубы қарсыласқан ойын өтті.

Жобаға қатысушылар үшін бұл жай ғана ойын емес, оларға бірінші лиганың кәсіби командасымен қарсыласу үшін тарихи стадион алаңына шығуға таптырмас мүмкіндік болды.

Бұл матч күні бүгін өмірден озған қазақстандық футбол алаңында аты аңызға айналған ардагер Сейілда Икрамұлы Байшаковты еске алу үшін бір минут үнсіздікпен басталды.

Жарыс "Қайрат-Жастардың" Super Bol-ға қарсы ойнауымен басталды, бірақ команда өзін қорғап, шабуылға қорықпай шығып, лайықты қарсылық көрсетті. Матчтағы есепті 19-минутта "Қайрат-Жастар" ойыншысы Ғалымжан Кенжебек ашып, трибуналарды бірден жандандырып жіберді. Осыдан кейін екі команда ойыншыларының тағы бірнеше мүмкіндіктері болды, бірақ олар сәтсіз аяқталды. Матчтың аяқталуы Super Bol ойыншыларының үздіксіз шабуылдарына байланысты шиеленісіп кетті, алайда оларда қарсыластың қақпасын жаулап алу үшін сәл сәттілік пен тәжірибе жетіспеді.

Қалай болғанда да, "Қайрат-Жастардың" пайдасына 1:0 есебімен аяқталған матч жақында ғана команда болып құрылған Super Bol жобасының қатысушылары үшін қызықты, шиеленісті және үлкен тәжірибе алуға тұрарлық жарыс болды.

Айта кетейік, Super Bol жобасы аясындағы финалдық матч 29-шілдеде "Астана-Арена" стадионында QJ League құрама ойыншыларына қарсы өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина