Star Citizen құрастырушыларын құттықтауға болады. Олар геймерлердің арқасында ауқымды табысқа жете алған. Жалпы сумма 55 миллион АҚШ долларына жетіп отыр.
Негізі Roberts Space Industries компаниясының ғарыштық стимуляторы толық шығарылымға еніп те үлгермеген болатын. Оның бағдарламашылары оны осы күнге дейін дайындау үстінде. Дегенмен онлайн ойыншылар табыс алып келуге мол септігін тигізіп жатыр.
Гиннесс рекордтар кітабы ерекше жетістікті тарих парақтарында қалдыруге неге бел буды дейсіз?
Осыған дейін ешқандай әуесқой бағдарламашының ойыны осындай нәтижеге жете қоймаған болатын. Сол себепті рекордты белгілейтін сарапшы мамандар ойынды енгізіпті.
Тек қызмет көрсету саласының өзінде Star Citizen-діктер 6 миллион АҚШ долларына қол жеткізген. Ал одан бөлек табысты компанияның өзінің ресми сайты арқылы жинап отыр. Үдерісті толық бақылау мақсатында Roberts Space Industries компаниясының мамандары 280 адамға дейін көбейген.
Әзірге ойынның толық нұсқасы шыға қоймаған. Егер ол дайын болатын болса, компанияның табысы одан бірнеше еселенетіні көрініп тұр. Компания басшылығы да осыны дәйектеп тұрғаны белгілі.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.3dnews.ru