- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Spice Girls сияқты...
“Spice Girls сияқты болып кеткенбіз“. Сәкен Майғазиев “МузАРТ“-тың қазіргі стилі туралы айтты
Танымал әнші, "МузАРТ" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев топтың жаңа стилін Spice Girls тобымен салыстырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде Алматы күніне орай "Алатау" өнер театрында концерт берген "МузАРТ" тобы әншілерінің киіну стилін сынап жатқандар бар. Топтың мүшесі, танымал әнші Сәкен Майғазиев топ мүшелері Мейрамбек Беспаев пен Кенжебек Жанәбіловтің киімдерін мысалға келтіріп, топты Spice Girls тобымен салыстырды.
"Қараңыздаршы, біз қазір Spice Girls тобы сияқты боп кеткенбіз. Біреуі спорттық киіммен, біреуі классикада", - деп әзілдеді Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіге жариялаған видеосында әріптестерін көрсетіп.
Еске салайық, соңғы кезде желіде топ мүшелерінің түрлі жаңалығы қызу талқыланып жатыр. Жақында Сәкен Майғазиевтің әулетінде қуанышты той болса, Кенжебек Жанәбілов бүгін ғана әйеліне су жаңа көлік сыйлады. Ал Мейрамбек Беспаев жақында денсаулығына байланысты Түркияға барып қаралып келген болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева