Sony смартфон бизнесін сатып жібермек

Жапондық Sony компаниясы теледидар және смартфон өндіру бөлімдерін бөліске салуы мүмкін. Бұл туралы Reuters Sony басшысы Казуо Хираиға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қазіргі кезде компания басшысы бизнестің екі дербес саласын тоқтату туралы бас қатыруда. Қаржы дағадырысына орай, жапондық өндіруші үлкен шешімдерді қабылдауға мәжбүр болып отыр. Жылдық болжамның есебі бойынша, Sony ағымдағы жылдың соңына дейін $2 миллиардқа шығындалуы мүмкін. Сондықтан алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр.

Казуо Хираидың компанияны қайта құруда тәжірибесі мол. Дегенмен ол CES көрмесінде тілшілерге жоспардың толығымен орындалмағанын айтты.

Енді компания электроника мен қаржы саласын ғана дамытуды көздейді. Ал смартфон мен теледидар өндірісіне шектеу қойылады. Сонымен қатар, инвесторларды тарту және сатылым деңгейін көтеру басты назарға алынбақ. Эльдар Муртазин есімді мобильді сарапшы өзінің туиттер парақшасында Sony-дің мобильді бизнесіне Samsung қызығушылық танытқанын жазады.

Табыс әкелуден қалған бизнесті жабуға тырысу жапондық компанияның тарихында бірінші рет болып жатқан жоқ. Атап айтқанда, өткен жылдың басында VAIO брендімен шығатын компьютер өндірісінің үлесін 490 миллион АҚШ долларына сатып жіберді.

Ескерте кетсек, наурыз айының басында Барселона қаласында өтетін MWC мобильді құрлығылар көрмесінде Sony өзінің Xperia Z4 смартфонын таныстыруды жоспарлаған болатын. Демек бұл анонстың болмай қалуы да әбден мүмкін.

Сурет: www.agoraquest.com

Оқи отырыңыз:

Samsung Blackberry компаниясын сатып алуы мүмкін

Lenovo BlackBerry компаниясын сатып алмақ

Samsung қызметкерлерінің жалақысы қысқарды

Sony компаниясы PlayStation үшін өзге өнімдерінен бас тартады