- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Sony компаниясы Xperia...
Sony компаниясы Xperia Z3+ смартфонының кемшіліктерін мойындады
Жақында Жапонияның Sony компаниясы жаңа смартфонын ресми түрде таныстырған болатын. Кейіннен Xperia Z3+ атауына ие болған аппарат Xperia Z3 смартфонының жаңа нұсқасы болмай шықты. Компания өкілдері өнімді құрастырудағы бірнеше қателігін ресми мойындады.
Оның бір артықшылығы 5,2-дюймді дисплейде болып отыр. Одан бөлек, смартфон аналогиялық 20,7-мегапиксельді камера, қосалқы 3 ГБ жады және 2 ГГц жиілікке ие Snapdragon 810 процессорымен жабдықталған. Жаңа смартфонның ешқандай өзгеріске ие болмауы, сондай-ақ, гаджеттің бірнеше сапасыз бөлшектермен қамтылуы тұтынушылардың наразылығын тудырды.
Нақтырақ тоқтала кетсек, экран пикселі мен камераның толық істен шығуын есепке алмағанның өзінде Qualcomm компаниясының сапасыз процессорлары смартфонды пайдасыз гаджетке айналдырып отыр. Көптеген тұтынушылар аппарат корпусының жылдам қызып кетуін айтып шағымданған.
Айта кетсек, HTC компаниясының банкротқа ұшырауы да жаңа өнімінің сапасыз болып шығуына байланысты болды. HTC One M9 смартфонының корпусы Цельсий бойынша 42 градусқа дейін қызып, рекорд орнатты. Бүгінде қытайлық брендті Asus компаниясы сатып алуы мүмкін деген қауесет бар.
Sony компаниясының басшылары өнімнің сапасыз бөлшектерін тегін жөндеп беретінін айтты. Сонымен қатар, жаңа бағдарламалық қамту да енгізілмек. Әзірге қолданыстағы смартфондарды күніне екі-үш рет өшіріп, қайта жағу арқылы ұтымды қолдануға болады. Одан бөлек, қуаттау кезінде смартфонды өшіріп қою оң нәтижесін береді.
Ж. Өрісбай